КОМПАНИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ:

«Болат-Жол» ЖШС компаниясында 800-ден астам жоғары білікті мамандар мен жұмысшылар қызмет атқарады. Қызметкерлер құрамының негізгі бөлігін теміржол көлігі мамандары (теміржол көлігі инженерлері, инженер-технологтар, тепловоз машинистері мен көмекшілері, станция кезекшілері, поезд құрастырушылар, жүктерді қабылдап жіберу операторлары, вагон таразысының операторлары, вагон қараушы, слесарь-жөндеушілер т.б.) құрайды.

Компанияда басшылар мен қызметкерлер арасында әлеуметтік серіктестіктің дәлелденген жүйесі құрылған.

Еңбек, әлеуметтік-экономикалық, және кәсіби қатынастар әлеуметтік қорғаудың кепілдіктерін қарастыратын ұжымдық шартпен реттеледі.

«Болат-Жол» ЖШС жасақталған әлеуметтік-экономикалық пакетке әлеуметтік төлемдер, кепілдемелер мен Компанияның арнайы санаттағы қызметкерлері үшін белгіленген төлемдер кіреді. Ынталандырудың материалдық түрлеріне бонустар, жеке жәрдемақылар, біржолғы сыйақы, әлеуметтік төлемдер және пайызсыз несиелер кіреді.

Компанияда басқарушы және инженер кадрлардың біліктілігін арттырру мақсатындағы міндетті даярлау жүзеге асады, барлық қызметкерлер үшін техникалық жабдықталған аудиториялары бар оқу орталықтары ашылды, Компания қызметкерлерінің кәсіби өсуіне мүмкіндіктер жасалды.

Әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында «Болат-Жол» ЖШС әлеуметтік нысандарды күтіп ұстауға және дамытуға үлкен көңіл бөледі. Спорттық база мен қызметкерлердің денсаулығын жақсарту үшін материалдық база айтарлықтай жақсарды.